Пайдалануға ендіру

  • Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.

Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.

Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.

Бұрғылау және бұрау

Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Соққымен бұрғылау

Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.

  • Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (9) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.

I беріліс:

Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін.

II беріліс:

Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін.

Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) тірелгенше бұралмаса, редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін (6) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса, ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны көбейеді.

Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (8) арқылы қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде реттеуге болады.

Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.