Қолданысқа енгізу

Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD) (16) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін тексеріп шығыңыз:

  • Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау индикаторы сөнеді.
  • RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы керек.

Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.

  • Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD) ақаулы болса, электр құралын пайдалануға болмайды.

Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (16) RESET түймесін басыңыз.

Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) өткелге орнатыңыз.

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін (2) тағы басыңыз.

Ажыратқышты (1) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.

Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті (11) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті (10) ашып, қалған суды ағызыңыз.

Электр құралының электроникасы қозғалтқышты бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу тогына жол бермейді.

Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (16) RESET түймесін басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (1) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) екі айналу жиілігін алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.

Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін ұсынылады:

  • 1-беріліс: 80–180 мм
  • 2-беріліс: 25–60 мм