Пайдалануға ендіру

Қосу/өшіру

Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) басыңыз.

Қосу/өшіру қосқышын (2) бұғаттау үшін оны басып тұрып реттеу түймесін (3) тағы басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса оны алдымен басып сосын жіберіңіз.

Жүріс санын алдын ала таңдау

Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (1) көмегімен алдын ала таңдауға немесе жұмыс кезінде өзгертуге болады.

Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету ұсынылады.

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.