Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Қаптама

Қаптама қалпағын (12) электр құралын шаңсоруға қосу алдында орнатыңыз.

Қаптама қалпақты (12) электр құралына ұстағыштар құрылғының саңылауларына терелетін етіп салыңыз.

Қаптама қалпақты (12) шаңсорусыз және еңістік кесік жасаған кезде шешіп қойыңыз. Ол үшін қалпақты сыртқы ұстағыштар жоғарылығына дейін басып алға тартып қойыңыз.

Шаңсоруды қосу

Шаңсорғыш шлангын (5) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (6) қосыңыз. Сорғыш шлангын (5) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).

Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан сақтайтын пластинаны (16) орнатыңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.