Құрғақ сору

Жиналған шаңды сору

  • Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (5) "Cору" белгісіне жылжытыңыз.

  • Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (5) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.

Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (H суретін қараңыз)

Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (3) кіріктірілген. Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады. Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар аударыңыз.

Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара, ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (19) қосымша ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Тек осының арқасында сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (SFC+) функциясы еш қиындықсыз жұмыс істейді.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.

  • Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату автоматикасын іске қосу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (5) "Іске қосу/тоқтату‌ автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.

  • Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткасына (3) жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш автоматты түрде іске қосылады.
  • Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
    Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіден қалған шаңды сорып шығару үшін қосымша 15 секунд ішінде жұмыс істеп тұрады.
  • Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (5) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.