Іске қосу

Минералды шаң сияқты шаң денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Шаңның тиюі немесе жұтылуы пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Асбест қамтитын материалды тек қана техник мамандар өңдеуі керек.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.

  • Беріліс ауыстырып-қосқышын электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Беріліс ауыстырып-қосқышын (3) қалаған беріліске бұрыңыз (I немесе II).

Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын алдын ала таңдауға болады.

I беріліс:

Төмен айналу жиілігінің диапазоны

II беріліс:

Жоғары айналу жиілігінің диапазоны

Электр құралын қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (1) басыңыз. Ажыратқышты (1) бұғаттау үшін, бұғаттау түймесін (5) басыңыз және ажыратқышты (1) босатыңыз.

Электр құралын өшіру, ажыратқышты (1) қысқа басып, оны жіберіңіз.

Қалаған айналу жиілігін айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегішпен (2) алдын ала таңдауға болады (сондай-ақ жұмыс барысында).

Қажетті айналу жиілігі араластырылатын өнімге және жұмыс жағдайларына байланысты.

Электрондық бірқалыпты іске қосу функциясы айналу жиілігін ажыратқышты (1) басқан кезде баяу арттырады. Осылайша араластырылатын өнімнің шашырауына жол берілмейді.

Тұрақты электроникасы бос жүріс және белгілі бір жүктеме жағдайында тұрақты айналу жиілігін сақтайды. Бұл тұрақты жұмыс өнімділігін қамтамасыз етеді.

Көмір қылшақтар таусылған жағдайда, көмір қылшақтарын ауыстыру индикаторы (9) қызыл түспен жанады. Көмір қылшақтарын алмастыру қажет. Бұл үшін электр құралын электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығына Bosch жіберіңіз қараңыз Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері.

Қайта іске қосылудан қорғаныс, қуат берілуі үзілгеннен кейін, электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (1) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.