Бұрғылау патронын алмастыру (C суретін қараңыз)

Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (1) бұрғылау шпинделінен кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіткіш бұрандамен (10) бекітілген.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) толықтай ашып, бекіткіш бұранданы (10) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз. Бекіткіш бұранданың сол жақ оймасы бар болуын қадағалаңыз.

Егер бекіткіш бұранда (10) жылжымай тұрса, бұрауышты бұранда бастиегіне орнатып, бұрауыштың тұтқасындағы бекіткіш бұранданы қағып босатыңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) бөлшектеу үшін айыр тәрізді кілтті (SW 17) жетек шпинделінің гайкасына қойыңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын бір қолмен ұстап, басқа қолмен айыр тәрізді кілтті бұрғылау патроны бұрғы шпинделінің конустық саңылауынан шыққанша сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

  • Бұрғы шпинделінің конусы мен бұрғылау патронының саңылауында май мен кір болмауы тиіс.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) орнату үшін жетек шпинделінің гайкасын сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын күш салмай жетек шпинделіне берік отырғанша енгізіңіз.

Резеңке балғамен тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (1) беттік жағын қағып, тісті тоғыны бар бұрғылау бұрғы патронының берік бекітілгенін қамтамасыз етіңіз. Бұл ретте тісті тоғыны бар бұрғылау патронының қысылатын жұдырықшалары алда тұрмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе оларға зақым тиюі мүмкін.

Бекіткіш бұранданы (10) ашылған тісті тоғыны бар бұрғылау патронына сағат тілінің бағытына қарсы бұрап кіргізіңіз. Әрдайым жаңа бекіткіш бұранданы пайдаланыңыз, себебі оның оймасына бірнеше рет пайдаланғаннан кейін жойылатын бекіткіш желім жағылған.