Қызмет көрсету және тазалау

Штемпельді (8) және қалыпты (9) әр 3 жұмыс сағаты сайын тазалап майлаңыз.

Штемпель мен қалыпты дер кезінде алмастырыңыз, себебі тек өткір құралдар жоғары кесу өнімділігіне қол жеткізіп, электр құралын сақтайды.

Штемпельді (8) және қалыпты (9) қосымша өткірлеуге болмайды.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

  • Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;
  • Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
  • Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
  • Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Қалыпты алмастыру

Домалатпа бұранданы (11) қалып ұстағышынан (7) бұрап шығарыңыз. Қалыпты (9) шығарыңыз.

Қажет болса, қалып ұстағышын (7) тазалап шығыңыз. Жаңа, жақсылап майланған қалыпты (9) қалып ұстағышына енгізіңіз. Жалпақ жағының тураланғанына назар аударыңыз.

Домалатпа бұранданы (11) орнатылған резеңке сақинамен (10) қайтадан бұрап орнатыңыз. Бұранданы алты қырлы дөңбек кілтпен резеңке сақинаның қарсылығына қарсы бұрап бекітіңіз (3−4 Нм).

Штемпельді алмастыру

Қалып ұстағышының бұрандасын (4) босатып, қалып ұстағышын (7) корпустан толықтай тартып шығарыңыз.

Штемпельді (8) бүйірінен қысқыштан жылжытып, төмен қарай тартып шығарыңыз.

Жаңа, жақсы майланған штемпельді (8) қысқыштың ойығына орнатып, оны ортаға келтіріңіз.

Қалып ұстағышын (7) штемпель арқылы корпусқа абайлап кері жылжытыңыз. Қалып ұстағышын қажетті кесу бағытына қарай қолжетімді үш позицияның біріне бұраңыз. Қалып ұстағышының бұрандасын (4) жақсылап бұрап бекітіңіз.