Пайдалануға ендіру

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (3) ауыстырып-қосқышта І көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (3) ауыстырып-қосқышта 0 көрсетілетіндей артқа жылжытыңыз.

Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартады.

Кесу бағытын ауыстыру үшін қалып ұстағышын (7) 90° шамасына жылжытылған үш позицияға бұрауға болады. Артқа қарай кесу (корпуска қарай) мүмкін емес.

Қалып ұстағышын (7) бұрау үшін бұранданы (4) қалып ұстағышы бұралғанша босатыңыз. Оны электрлік құралының бойлық осіне 90° шамасына оңға немесе солға бұраңыз.

Бұранданың (4) қалып ұстағышындағы (7) саңылауға кіргеніне көз жеткізіңіз. Бұранданы бұрап бекітіңіз.