Тегістеу дискін алмастыру

Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін (3) лас пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.

Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.

Тегістеу дискілері жабысусыз (BD суреттерін қараңыз)

Екі  қысқыш қапсырманы (4) ысырмадан шығарып, төменге қайырыңыз.

Тегістеу дискісін (6) арқа қысқыш планка (2) астына апарыңыз. Тегістеу дискісі (6) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы (4) артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз.

Тегістеу қағазын тегістеу дискісіне (3) тығыздап салыңыз. Тегістеу дискісінің алдыңғы бөлігін алғы қысқыш планка (7) астында қысыңыз. Тегістеу дискісі (6) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы (4) артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде құлыптаңыз.

Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен (17) тесуге болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр құралын тесу аспабына басыңыз (F суретін қараңыз).

Тегістеу дискісін (6) алып қою үшін екі қысқыш қапсырманы (4) босатып, тегістеу дискісін ұстағыштан шығарыңыз.

Тегістеу дискін таңдау

Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:

Түйіршіктілік

Барлық ағаштық заттектерді өңдеу үшін

40 – 180

Сүргіленбеген брус немесе тақтайларды алдын ала тегістеу үшін

дөрекі

40

Жалпақ тегістеу және аздаған кедір - бүдірді тегістеу үшін

орташа

80, 120

Қатты ағаштарды соңғы және нәзік тегістеу үшін

майда

180

Бояу/лак қабаттарын немесе толтырғыш пен сылақ сияқты төсемелерді өңдеу үшін

40 – 180

Бояуды тегістеу үшін

дөрекі

40

Төсеме бояуды тегістеу үшін

орташа

80, 120

Лактың төсеме бояуын тегістеу

майда

180

Соңғы өңдеу немесе жылтырату үшін, әсіресе метал мен тасты, флизелин/жылтырату киізін пайдаланыңыз.

Дайындаманы керекті бет сапасына байланысты түрлі флизелин немесе жылтырату киіздерін пайдалануға болады.