Аккумуляторды зарядтау

Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

Аккумуляторды (11) шығару үшін аккумуляторды босату түймесін (12) басыңыз және аккумуляторды электр құралынан жоғарыға қарай шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.