Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Нұсқау: ұзақ және сенімді пайдалану қамтамасыз етілуі үшін, төмендегі техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрыңыз.

Қаптамалар мен қорғаныс құрылғылары зақымдалмаған және дұрыс орнатылған күйде болғанын тексеріңіз. Пайдалану алдында қажетті болуы мүмкін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын өткізіңіз.

Электр құралында босаған, ажыратылған немесе зақымдалған ара шынжыры, босаған бекіту және тозған немесе зақымдалған бөлшектер сияқты кемшіліктердің бар-жоғын уақтылы тексеріп тұрыңыз.

Ара шынжырын және шынжыр жұлдызшасын алмастыру

Ара шынжырын және шынжыр жұлдызшасын түпнұсқа Bosch қосалқы бөлшектерімен алмастырыңыз немесе осы бөлшектерді Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығына алмастыруға тапсырыс беріңіз.

Жұмыс барысынан кейін/Сақтау

Жарақат алудың алдын алу үшін шынжыр қорғанысын (7) шынжыр шинасына (9) орнатыңыз.

Ара шынжыры (8) қалаусыз соққылардан немесе сызаттардан дөкір болып қалуы мүмкін.

Электр құралының құйылған пластик корпусын жұмсақ қылшақтың және таза шүберектің көмегімен тазалаңыз. Су, еріткіш пен жылтыратқыш құралды пайдаланбаңыз. Барлық кірді әсіресе қозғалтқыштың желдету саңылауларынан кетіріңіз.

1–3 сағат пайдаланғаннан кейін қаптаманы (12), шынжыр шинасын (9) және ара шынжырын (8) бөлшектеп, оларды қылшақтың көмегімен тазалаңыз.

Электр құралын ұзақ уақытқа сақтауға қою қажет болса, ара шынжырын (8) және шынжыр шинасын (9) тазалаңыз.

Электр құралын қауіпсіз, құрғақ және балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Электр құралының үстіне ешқандай басқа заттарды қоймаңыз.

Электр құралына ешқандай өзгеріс енгізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерістер электр құралыңыздың қауіпсіздігіне теріс әсер етуі және асқын шуыл мен дірілді тудыруы мүмкін.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: