Жүріс тежегіші/алдыңғы тежегіш (E суретін қараңыз)

Электр құралы екі сақтандыру құрылғысымен жабдықталған:

Жүріс тежегіші ажыратқышты (2) жібергеннен кейін ара шынжырын тежейді.

Алдыңғы тежегіш электр құралының кері соққысы орын алған немесе ажыратқыш істен шыққан жағдайда алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтірек (4) арқылы іске қосылатын қорғаныс механизмі болып табылады. Ара шынжыры бірден тоқтап қалады.

Функциялық сынақты мезгіл-мезгіл өткізіңіз. Алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтіректі (4) алға ( позициясы) жылжытып, электр құралын қысқа уақытқа қосыңыз. Ара шынжыры айналмауы тиіс. Алдыңғы тежегішті қайта босату үшін алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтіректі (4) қайтадан кері ( позициясы) жылжытыңыз.

Электр құралын алдыңғы тежегішті белсендіруге арналған иінтіректен ұстап тасымаңыз.