Кеуекті бетонды аралау (GH суреттерін қараңыз)

Кеуекті бетонды аралау кезінде төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:

Кеуекті бетонды суретте көрсетілгендей қойып, кесік жабылмайтындай және ара шынжыры қысылып қалмайтындай тіреңіз.

Кеуекті бетонның қысқалау бөліктерін аралау алдында туралап бекітіңіз.

Тек кеуекті бетоннан жасалған заттарды аралаңыз. Тастармен және шегелермен жанасуға жол бермеңіз, себебі олар лақтырылып кетуі, ара шынжырына зақым келтіруі немесе пайдаланушыға немесе айналадағы адамдарға ауыр жарақат тигізуі мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған электр құралын сымды дуалға немесе жерге тигізбеңіз.

Бойлық кесіктерді айрықша сақтықпен жасаңыз, себебі тіреуішті (10) пайдалану мүмкін емес. Аралау кезіндегі кері соққының алдын алу үшін электр құралын түзу бұрышпен бағыттаңыз.