Пайдалану түрлері

Тербелісті реттеу

Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.

Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.

0 деңгейі

тербеліс жоқ

I деңгей

кіші тербеліс

II деңгей

орташа тербеліс

III деңгей

үлкен тербеліс

Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:

  • Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
  • Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз.
  • Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз.
  • Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.

Еңіс бұрышын реттеу (E суретін қараңыз)

Тіреуіш тақта (7) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға қырылуы мүмкін.

Жарылудан сақтайтын пластина (16) қисық аралауда орнатылуы мүмкін емес.

  • Жарылудан сақтайтын пластинаны (16) алып тастаңыз.
  • Бұранданы (17) босатып, тіреу тақтасын (7) ара дискісіне (10) қарай азғантай жылжытыңыз.
  • Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң жән сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу нүктелері бар. Тіреу тақтасын (7) шкалаға (18) сәйкес қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрышын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
  • Содан кейін тіреу тақтасын (7) желілік кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
  • Бұранданы (17) қайтадан бұрап бекітіңіз.