Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Аккумуляторлық шамдың барлық жарықтанған беттер мен заттарға дейін минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін.

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

Аккумуляторлық шамды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Аккумуляторлық шамның магниті имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.