Ақаулықтарды жою

Мәтіндік индикатор (e)

Мәселе

Шешімі

PNK

Bluetooth® арқылы GRL 600 CHV немесе GRL 650 CHVG ротациялық лазерімен байланыс орнату мүмкін болмады

Ақау туралы хабарды жабу үшін ротациялық лазердегі қосу/өшіру түймесін қысқаша басыңыз. Байланыс орнату әрекетін қайтадан бастаңыз.
Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

ERR

GRL 600 CHV немесе GRL 650 CHVG ротациялық лазерін калибрлеу мүмкін болмады

GRL 600 CHV немесе GRL 650 CHVG пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз және ұстаныңыз.

CenterFind режимі немесе CenterLock режимі сәтсіз аяқталды

Ақау туралы хабарды жабу үшін кез келген түймені басыңыз. Функцияны қайта іске қоспас бұрын ротациялық лазер мен лазер қабылдағышының позициясын тексеріңіз.

LR 65 G:

ERR және CL кезектеседі

CenterFind режимін, ротациялық лазер әлдеқашан CenterLock режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске қосу мүмкін емес.

Әр лазер қабылдағышында CenterFind режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.

ERR және CF кезектеседі

CenterLock режимін, ротациялық лазер әлдеқашан CenterFind режимінде жұмыс істеп тұрғанда іске қосу мүмкін емес.

Әр лазер қабылдағышында CenterLock режимін орнатыңыз да, функцияны қайтадан іске қосыңыз.