Өлшеу құралын калибрлеу

Төмендегі жұмыстарды тек жақсы оқытылған және білікті тұлғалар ғана орындауы керек. Олар өлшеу құралының дәлдігін тексеру немесе өлшеу құралын калибрлеу кезіндегі заңдылықпен таныс болуы керек.

Әр калибрлеу әрекетінен кейін нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз қараңыз Өлшеу құралының дәлдігін тексеру. Ауытқу рұқсат етілген максималды шамадан тыс болса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына тексерту керек.

X және Y осі бойынша калибрлеу

GRL 600 CHV үлгісін тек LR 60 лазер қабылдағышының көмегімен, ал GRL 650 CHVG үлгісін тек LR 65 G көмегімен калибрлеуге болады. Лазер қабылдағышы өлшеу құралына Bluetooth® арқылы қосылып тұруы тиіс қараңыз Қашықтан басқару құралымен/лазер қабылдағышымен байланыс орнату.

Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу барысында орнын ауыстыруға болмайды (сипатталған туралау немесе бұрау әрекеттерін қоспағанда). Сондықтан өлшеу құралын берік, тегіс бетке қойып, лазер қабылдағышын мықтап бекітіңіз.

Калибрлеу әрекетін мүмкіндігінше Bosch Levelling Remote App арқылы орындау қажет. Қолданба арқылы басқарылғанда, түймелерді абайсыз басқан жағдайда, өлшеу құралының орны ауысатындай ақаулық жағдайлары есептен шығарылады.
Қолданбасыз калибрлеген кезде өлшеу құралындағы тиісті түймелерді басып тұру керек, калибрлеу барысында қашықтан басқару құралын пайдалану мүмкін емес.

Берік бетте 30 м бос арақашықтық қажет болады. Мұндай арақашықтық қолжетімді болмаса, калибрлеу әрекетін төменірек нивелирлеу дәлдігімен де ұзындығы 15 м өлшеу қашықтығында орындауға болады.

Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу үшін монтаждау:

Өлшеу құралын көлденең күйде лазер қабылдағышынан 30 м немесе 15 м арақашықтығында штативке (43) монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс бетке қойыңыз.

Лазер қабылдағышын жарамды биіктікте берік бекітіңіз:

  • қабырғаға немесе басқа бетке магниттермен немесе лазер қабылдағышының ілгектерімен,
  • немесе тұрақты бекітілген көмекші құралға лазер қабылдағышының ұстағышымен.

Бұл ретте лазер қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын ұстаныңыз.

Өлшеу құралын калибрлеу үшін туралау:

Өлшеу құралын оның үстінде қашалған X осінің индикаторы "+" жағымен лазер қабылдағышына қарайтындай етіп туралаңыз. Бұл ретте X осі лазер қабылдағышына тігінен тұруы тиіс.

Калибрлеуді іске қосу:

  • Bosch Levelling Remote App арқылы калибрлеу: өлшеу құралын қосыңыз. Қолданбада калибрлеу әрекетін іске қосыңыз. Содан кейін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
  • Қолданбасыз калибрлеу: өлшеу құралы мен лазер қабылдағышын қосыңыз. Олардың екеуі де Bluetooth® арқылы қосылғанына көз жеткізіңіз. Лазер қабылдағышының қосу/өшіру түймесін және лазер қабылдағышындағы CenterFind режимінің түймесін бір уақытта басу арқылы калибрлеу әрекетін іске қосыңыз. Лазер қабылдағышының дисплейінде CAL жазбасы пайда болады.

Калибрлеу әрекетін қажетінше тоқтату үшін лазер қабылдағышындағы CenterFind режимінің түймесін ұзақ басыңыз.

Калибрлеуді қолданбасыз орындау:

Калибрлеуді бастағаннан кейін өлшеу құралының дисплейінде пайда болатын мәзірде өлшеу құралы мен лазер қабылдағышының арасындағы бар қашықтықты таңдаңыз. Ол үшін ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесін басыңыз. Таңдауды арқылы растаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Төмендегі мәзірде таңдалған өлшеу қашықтығын және оған қатысты нивелирлеу дәлдігін растау үшін () еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз. Өлшеу құралының таңдауына қайту үшін () сызықтық режим түймесін (5) басыңыз.

Лазер қабылдағышын оның үстіндегі айнымалы лазер сәулесі (8) ортаңғы ретінде көрсетілетіндей биіктігі бойынша туралаңыз (лазер қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз). Лазер қабылдағышын осы биіктікте берік бекітіңіз.

Өлшеу құралы мен лазер қабылдағышы дисплейде көрсетілгендей бір-біріне тураланғанын тексеріңіз (X осінің "+" жағы лазер қабылдағышына бағытталған). X осін калибрлеу әрекетін арқылы іске қосыңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Бұл қадам дисплейде көрсетілсе, өлшеу құралын X осінің "–" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай 180°-қа бұраңыз. Әр бұраған сайын өлшеу құралының биіктігі мен еңісі өзгермегеніне көз жеткізіңіз. Бұрауды арқылы растаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз. X осі бойынша калибрлеу жалғасады.

X осі бойынша калибрлеу сәтті түрде аяқталса, бұл белгі өлшеу құралының дисплейінде пайда болады.

Калибрлеу әрекетін арқылы жалғастырыңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Y осі бойынша калибрлеу үшін өлшеу құралын Y осінің "+" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай көрсеткі бағытымен 90°-қа бұраңыз. Бұрауды арқылы растаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Бұл қадам дисплейде көрсетілсе, өлшеу құралын Y осінің "–" жағы лазер қабылдағышына бағытталатындай 180°-қа бұраңыз. Бұрауды арқылы растаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз. Y осі бойынша калибрлеу жалғасады.

Y осі бойынша калибрлеу сәтті түрде аяқталса, бұл белгі өлшеу құралының дисплейінде пайда болады.

Y осін калибрлеу әрекетін арқылы жауып қойыңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Бұл белгі әрекет басында таңдалған нивелирлеу дәлдігімен X және Y осьтерінің сәтті түрде аяқталған калибрлеу әрекетін растайды. Калибрлеу әрекетін арқылы аяқтаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Калибрлеу сәтті түрде аяқталса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.

X немесе Y осі бойынша калибрлеу сәтсіз аяқталса, өлшеу құралының дисплейінде тиісті ақау туралы хабар пайда болады. Лазер қабылдағышының дисплейінде ERR жазбасы көрсетіледі.
Калибрлеу әрекетін арқылы тоқтатыңыз, ол үшін сызықтық режим түймесін (5) басыңыз.

Өлшеу құралы мен лазер қабылдағышы тиісінше тураланғанына көз жеткізіңіз (жоғарыдағы сипаттаманы қараңыз). Калибрлеуді қайта іске қосыңыз.

Калибрлеу әрекеті қайтадан сәтсіз аяқталса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына тексерту керек.

Z осі бойынша калибрлеу

Калибрлеу үшін берік бетте биіктігі 10 м қабырғадан бос арақашықтық қажет. Қабырғаға тіктеуіш бауды бекітіңіз.

Өлшеу құралын берік, тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз. Өлшеу құралын лазер сәулесі қабырғаға тігінен тиетіндей және тіктеуіш бауды кесетіндей туралаңыз. Өлшеу құралын өшіріңіз.

Калибрлеу режимін іске қосу үшін еңісті реттеу түймесін (14) басып тұрыңыз, содан кейін қосу/өшіру түймесін (11) қысқаша басыңыз. Өлшеу құралы қосылады. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.

Лазер сәулесін тіктеуіш баумен параллель өтетіндей етіп туралаңыз.

Лазер сәулесін ◀ бағытымен еңкейтіңіз, ол үшін ▲ түймесін (4) басыңыз. Лазер сәулесін ▶ бағытымен еңкейтіңіз, ол үшін ▼ түймесін (3) басыңыз.

Лазер сәулесін тіктеуіш баумен параллель өтетіндей етіп туралау мүмкін болмаса, өлшеу құралын қабырғамен дәлме-дәл туралаңыз және калибрлеу әрекетін жаңадан іске қосыңыз.

Лазер сәулесі параллель етіп тураланса, калибрлеуді арқылы жадқа сақтаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Бұл белгі Z осінің сәтті түрде аяқталған калибрлеу әрекетін растайды. Дәл сол уақытта күй индикаторы (12) 3 рет жасыл түспен жыпылықтайды. Калибрлеу әрекетін арқылы аяқтаңыз, ол үшін еңісті реттеу түймесін (14) басыңыз.

Калибрлеу сәтті түрде аяқталса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіп қалады.

Z осі бойынша калибрлеу сәтсіз аяқталса, ақау туралы хабар пайда болады. Калибрлеу әрекетін арқылы тоқтатыңыз, ол үшін сызықтық режим түймесін (5) басыңыз.

Анықтамалық тік сызық ротациялық бастиектің қайыру аймағында болғанына көз жеткізіңіз де, калибрлеуді қайта іске қосыңыз. Өлшеу құралы калибрлеу барысында жылжымағанына көз жеткізіңіз.

Калибрлеу әрекеті қайтадан сәтсіз аяқталса, өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына тексерту керек.