Пайдалану нұсқаулары

Екі лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді. Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға болады.

  • Бұл ретте ажыратқышты (6) қысқаша түрту және іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5) баспай лазер сәулелерін қосыңыз.
  • Дайындаманың белгісін екі лазер сәулелерінің арасына бағыттаңыз.

Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс көрсетілгенін тексеріп шығыңыз қараңыз Лазерді реттеу. Лазер сәулелерінде, мысалы, дірілдеулер себебінен белсенді пайдалануда параметрлері өзгеруі мүмкін.

Макс. дайындамалар саны:

Көлденең еңіс бұрышы

Тік еңіс бұрышы

Биіктігі x ені [мм]

90 x 305

45° (сол жақ/оң жақ)

90 x 215

45° (сол жақ)

45° (сол жақ)

55 x 215

45° (оң жақ)

45° (оң жақ)

30 x 215

45° (сол жақ)

55 x 305

45° (оң жақ)

30 x 305

Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы қысқаш (41) арқылы ара дискісінен оң немесе сол жақта қысуға болатын барлық дайындамалар): 100 x 40 мм (ұзындығы x ені)

Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 90 мм

Егер ойықты аралау керек болса, тереңдік шектегішін реттеу керек.

  • Тереңдік шектегішін (39) алға қайырыңыз.
  • Манипуляторды тұтқасынан (7) керекті күйге қайырыңыз.
  • Дәлдеу бұрандасын (38) бұранда ұшы тереңдік шектегішіне (39) тигенше бұраңыз.
  • Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.

Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін сол жақ немесе оң жақ ұзындық шектегішін (36) пайдалануға болады.

  • Ұзындық шектегішін (36) жоғары қарай тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (23) қажетті дайындама ұзындығына реттеңіз.

Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс.

Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.

Ішпектер (14) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін.

Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.

  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
  • Бұрандаларды (54) стандартты крест ойықты бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (14) алып тастаңыз.
  • Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (54) қайтадан тартыңыз.