Батареяны енгізу/алмастыру

Өлшеу құралын пайдалану үшін сілті-марганец батареяларын немесе никель-металл гидрид аккумуляторларын (әсіресе төмен жұмыс температураларында) пайдалануға кеңес беріледі.

1,2 В аккумуляторлармен қуаттылыққа байланысты 1,5 В батареялармен салыстырғанда көбірек өлшеу әрекеттерін орындауға болады.

  1. Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз.
  2. Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз.

Батареялар немесе аккумуляторлар зарядының деңгейі төмен болғанда, дисплейде батарея қуатын үнемдеу режимін іске қосуға сұрау пайда болады. Батарея қуатын үнемдеу режимі іске қосылғанда, батареяның қызмет ету уақыты ұзарып, дисплейдегі батарея белгісі сары түсті жиекпен қоршалады . қараңыз Батарея қуатын үнемдеу режимін қосу/өшіру

Заряды бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болғанда, бұл әлі де аз ғана өлшеу әрекеттерін орындауға болатынын білдіреді.

Егер батарея белгісі бос болып, қызыл түспен жыпылықтаса, бұл өлшеу әрекеттерін ары қарай орындау мүмкін болмайтынын білдіреді. Батареяларды немесе аккумуляторларды алмастырыңыз.

Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бір уақытта алмастырыңыз. Тек бірдей өңдіруші ұсынған және бірдей қуатты батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Өлшеу құралын (13) батарея бөлімінің қақпағынсыз немесе (19) (керек-жарақ) литий-ионды батареясынсыз пайдаланбаңыз (әсіресе шаң және ылғал жерде).