Жұмыс істеуге дайындау

Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.

Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (27) көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады.

  • Қысқыш бұранданы (49) босатыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (27) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш бұранданы (49) қайтадан тартып қойыңыз.

 

Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (2) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.

Қажет болса, жылжымалы тіреуіш планканы (2) кесікті жасағаннан кейін орнатыңыз.

Тік еңіс бұрышының аймағы

–2° ... +40°

сол жақ

  • Бұғаттау бұрандасын (35) босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (2) толық сыртқа қарай тартыңыз.

–2° ... +35°

оң жақ

> 40°

сол жақ

  • Бұғаттау бұрандасын (35) босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (2) толық сыртқа қарай тартыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.

> 35°

оң жақ

Көлденең еңіс бұрышының аймағы

> 45°

сол жақ

  • Бұғаттау бұрандасын (35) босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (2) толық сыртқа қарай тартыңыз.

оң жақ

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болған дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы (1) және (2) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз.
  • Жинақтағы бұрандалы қысқышты (38) арнайы саңылауларға (29) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Бұрандалы өзекті (50) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз.

Дайындаманы босату

  • Бұрандалы қысқышты босату үшін бұрандалы өзекті (50) сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.