Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.

Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (41) шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (40) жалғау үшін пайдаланыңыз.

  • Сору адаптерін (41) және шаңсорғыш шлангісін мықтап енгізіңіз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашуға болады.

  • Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан суырып алыңыз.
  • Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
  • Төменгі плитаның (45) екі бекіткіш бұрандасын алты қырлы кілтпен (37) босатып, төменгі қақпақты қайырыңыз.
  • Бекіткіш бұранданы (58) босатып, астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашыңыз.
  • Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарыңыз.
  • Астыңғы ара дискісінің қаптамасын жауып, қайтадан бұрап бекітіңіз.
    Төменгі плитаны қайтадан бұрап бекітіңіз.
  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.