Ротациялық лазерге және қашықтан басқару құралына арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары

Қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Берілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда, кіріктірілген қорғаныс құрылғыларына теріс әсер етілуі мүмкін. Ескерту тақтайшаларын еш жағдайда оқылмайтын күйге жеткізбеңіз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ ӨНІМДІ БАСҚАЛАРҒА ТАБЫС ЕТКЕНДЕ ҚОСА БЕРІҢІЗ.

Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL 250 HV:

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.

Қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары - GRL 300 HV, GRL 300 HVG:

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл өлшеу құралы EN 60825‑1 бойынша 3R лазер класындағы лазер сәулелерін шығарады. Лазер сәулесіне ұзақ қашықтықтан да тікелей қарау көзге зақым келтіруі мүмкін.