Техникалық қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін, сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді. Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек. Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Кір айналада тұрған L класындағы сорғыштардың сырты және барлық агрегат бөліктерін тазалау және герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.

  • Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.

Контейнерді (1) стандартты ысқаланбайтын тазалау құралымен тазалап кептіріңіз.

Шаң ыдысын жүйелік ретте босату және сүзгіні тазалау оптималды сору қуатын қамтамасыз етеді. Егер сору қуаты жетілмесе шаңсорғышты қызмет көрсету шеберханасына апару керек.

Сүзгіні тазалау/алмастыру (G1-G2 суреттерін қараңыз)

Зақымдалған қатпарлы сүзгіні бірден алмастырыңыз.

  • Құлыптарды (7) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (6) алып тастаңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (27) айналу бағытымен тірелгенше бұрап, сүзгі ұстағышын қатпарлы сүзгімен (28) бірге шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінен (6) шығарып алыңыз.
  • Ластанған/зақымдалған қатпарлы сүзгіні (28) сүзгі ұстағышынан (27) тартып алыңыз.
  • Қатпарлы сүзгінің (28) пластиналарын жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
    немесе
    Зақымдалған қатпарлы сүзгіні (28) алмастырыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (27) тазаланған/жаңа қатпарлы сүзгіге (28) салыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (27) қатпарлы сүзгімен (28) бірге шаңсорғыштың жоғарғы бөлігіне енгізіп, сүзгі ұстағышын (27) айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) орнатып құлыптарды (7) жабыңыз.

Қалтқыны (29) кейде-кейде тазалап тұрыңыз.

  • Құлыптарды (7) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (6) алып тастаңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (27) қатпарлы сүзгімен (28) бірге шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінен (6) шығарып алыңыз.
  • Қатпарлы сүзгіні (28) сүзгі ұстағышынан (27) тартып алыңыз.
  • Қалтқыны (29) сумен жуып шығыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (27) қатпарлы сүзгімен (28) бірге қайтадан шаңсорғыштың жоғарғы бөлігіне (6) енгізіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (6) орнатып құлыптарды (7) жабыңыз.