Пайдалануға ендіру

  • Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға немесе өртке әкелуі мүмкін.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) ұяшыққа бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (4) разъемға бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу және сомындарды тарту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше басыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып тұрыңыз.

Жарық диоды қосу/өшіру қосқышы (8) сәл немесе толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (8) жіберіңіз.

Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.