Құралды ауыстыру

GDR 18V-200 / GDX 18V-200:

Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.

Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (12) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (11) арқылы енгізуге болады.

GDX 18V-200 / GDS 18V-200:

  • Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның құрал бекіткішіне нық орнатылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап құрал бекіткішімен нық біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі мүмкін.

Алмалы-салмалы аспапты (13) құрал бекіткішінің (1) квадратына салыңыз.

Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (13) құрал бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.

Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер) құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.

Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.