Қорғағыш аспапты орнату

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қорғағыш қаптаманы (14) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (14) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (14) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (14) қажет күйге бұрыңыз.

  • Қорғаныш қаптаманы (14) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (14) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
  • Қорғағыш қаптаманы (14) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
  • Керек-жарақтың айналу бағытында қорғаныш қаптаманы (14) тек құлыптан босату иінтірегін (1) пайдалану арқылы бұрауға болады! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.

Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (14) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.

Сырды, лакты және пластмассаны металл диск (18) арқылы шаңсыз тегістеу үшін, сорғыш қаптаманы (13) пайдалануға болады. Сорғыш қаптама (13) металды өңдеуге арналмаған.

Сорғыш қаптамаға (13) сәйкес келетін Bosch шаң сорғышын жалғауға болады.

Сорғыш қаптама (13) қорғағыш қаптама (14) сияқты орнатылады. Дөңгелек қылшақты ауыстыруға болады.

  • Кесу үшін кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қамтаманы (14) кесуге арналған қақпақпен (16) бірге пайдаланыңыз.
  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Қорғағыш қаптама (15) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (14) ретінд де орнатылады.

Кесуге арналған металл қақпақ

Кесуге арналған металл қақпақты (16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (14) орнатыңыз (A суретті қараңыз): қапсырманы кері бұрыңыз (➊). Қақпақты (16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (14) кигізіңіз(➋). Қапсырманы қорғаныш қаптамаға мықтап басыңыз (14) (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретті қараңыз) қапсырмадағы түймені басып (➊), оны кері бұрыңыз (➋). Қақпақты (16) қорғаныш қаптамадан (14) шешіңіз (➌).

Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама

Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (14) орнатыңыз (C суретін қараңыз). Жабын (16) қорғаныш қаптамада (14) шерту дыбысымен және көрінетіндей тіреледі.
Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш қаптамадағы (14) (➊) жабынды (16) сол немесе оң жаққа босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).

Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш қаптама (32) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей орнатылады.

Қосымша тұтқаны (9)/(10) сорғыш қаптамадағы қапсырма арқылы редуктор корпусына бекіту арқылы электр құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға (32) арнайы Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш саңылауына енгізіңіз.

Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек-жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді.

  • Резеңке ажарлау тәрелкесімен (24) немесе тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын (23) киіп жүріңіз.

Қол қорғанысын (23) қосымша тұтқамен (9)/(10) бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (9)/(10) редуктор бастиегінің оң немесе сол жағында жұмыс істеу әдісіне байланысты бұрап бекітіңіз.

  • Электр құралын тек қосымша тұтқамен (9)/(10) бірге пайдаланыңыз.
  • Электр құралын қосымша тұтқа (9)/(10) зақымдалған жағдайда пайдалануды тоқтатыңыз. Қосымша тұтқаға (9)/(10) ешқандай өзгеріс енгізбеңіз.

Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа (10) төмен дірілді, яғни, қолайлы және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.