Пайдалануға ендіру

Айналу бағытын орнату

Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (5) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады.

Оңға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше төмен (R) жылжытыңыз.

Солға айналу: айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) тірелгенше жоғары (L) жылжытыңыз.

Қосу/өшіру

Іске қосу үшін ажыратқышты (4) басып тұрыңыз.

Өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз.