Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

ЕСКЕРТУ

Ешқандай денсаулыққа зиянды заттектерді, мысалы, шамшат немесе емен шаңдарын, тас шаңдарын, асбестті шаңсормаңыз. Бұл заттектер канцерогенді болып табылады. Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет алыңыз.

ЕСКЕРТУ

Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және тиісті шаралар арқылы сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі тоқ соғу қаупін арттырады.

ЕСКЕРТУ

Розетканы тек пайдалану нұсқаулығында белгіленген мақсаттарда пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ

Көбік немесе су шықса шаңсорғышты бірден өшіріп, контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.