Пайдалану мысалдары

Өлшеу құралын бөлменің бұрышына орнатып, 0° лазер сызығы негізгі сызыққа (мысалы, қабырғаға) параллельді өтетіндей етіп орналастырыңыз. Лазер сызығы мен негізгі сызық аралығын өлшеу құралында және өлшеу құралынан ең ұзақ қашықтықта өлшеңіз. Екі аралықты бірдей етіп, өлшеу құралын туралаңыз.

Сонан соң кемінде екі түрлі нүктеде 90° лазер сызығы мен қабырға арасындағы қашықтықты өлшеңіз. Егер 90° лазер сызығынан арақашықтықтар бірдей болса, қабырғалар тік бұрышта тұрады.

Өлшеу құралын бұрышқа 0° лазер сызығы қабырғаға параллельді өтетіндей етіп орнатыңыз. Бірінші квадраттық плитканы 0° және 90° лазер сызықтарының айқасу нүктесіне қойыңыз.

Өлшеу құралын 45° лазер сызығы диагональді плитка саңылауын белгілейтіндей етіп орнатыңыз.

Алдымен бірінші плиткалар жолағы басталатын биіктікті өлшеңіз. Өлшеу құралын туралау тақтасымен (11) бірге 90° лазер сызығы бірінші плиткалар жолағының төменгі жиегін көрсететіндей етіп қабырғаға тігінен орнатыңыз.

Өлшеу құралын туралау тақтасына (11) жиекке және туралау тақтасының бүйірлік ойығы (10) дәл жиекте тұратындай етіп орнатыңыз. 0° лазер сызығы жиекке параллельді болып өтуі керек. 90° лазер сызығы енді төменгі плиткалар жолағын белгілейді.