Жылжымалы түпқойманы монтаждау

Бағдарлауды жақсарту үшін дөңгелектерде таңбалама бар (оң жақ дөңгелек үшін "R", сол жақ дөңгелек үшін "L").

Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.

Дөңгелектерге сәйкес келетін "R" және "L" таңбаламалары арқылы көрсетілетін тіреуіш жақтаудың (18) дұрыс монтаждау бағытын сақтаңыз.

Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.

Осы монтаждау қадамында жұмыс үстелі (2) тіреуіш жақтаудың (18) таянышымен және жоғарғы жақтаудың (13) таянышымен бұрап бекітіледі.

  • Екі таянышты, бүйірлік ойықтар тұтқа бағытымен таяныштарға қарап тұратындай бұраңыз.
  • Жұмыс үстелін бұрап бекіткен кезде тіректің (8) әрдайым астыңғы жақтаудың (17) ұстағышында орналасқанына көз жеткізіңіз.

Нұсқау: гайкаларды басында кішкене ғана тартыңыз. Барлық алты бұранда тиісінше орналастырылғаннан кейін ғана, барлық гайкаларды мықтап тартыңыз.

Нұсқау: гайкаларды тым қатты бұрап бекітпеңіз. Бұрап бекітілген бөліктер еркін айналуы керек.