Дайындама таянышын дайындау

Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.

  • Дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
  • Бекіткіш тетікті (10) босатып, дайындама таянышының (12)биіктігін, дайындама тігінен жататындай реттеп шығыңыз.
  • Осы бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.

Жұмыс үстелін екі жақтан да ұзартуға болады.

  • Ұзын дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
  • Қажеттілікке қарай жарамды бекіткіш тетікті (4) босатып, үстел ұзартқышын (5) қажетті қашықтыққа дейін сыртқа тартыңыз.
  • Осы бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.

Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (11) пайдалануға болады.

  • Ұзындық шектегішін жоғары қарай тірелгенше тартыңыз да, дайындама таянышын электр құралының ара дискісіне дейін қажетті арақашықтықта орналастырыңыз.