Қорғаныш аспапты орнату

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қорғайтын қаптаманы (6) шпиндель мойыншасына орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (6) күйін жұмыс күнінің талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (6) бекіту бұрандасымен (7) бұғаттаңыз.

  • Қорғағыш қаптаманы (6) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.

  • Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз (14).
  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Қорғағыш қаптама (14) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.

Бағыттауыштары (22) бар қорғағыш қаптама тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (6) ретінде де орнатылады.

  • Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен пайдаланыңыз (4).

Қосымша тұтқаны (4) редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (4) редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.

Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа дірілдеуі кем қолайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен пайдаланыңыз (4).
  • Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.

Зақымдалған қосымша тұтқаны пайдаланбаңыз.

  • Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (18) немесе тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (16) кийіңіз.

Қол қорғағышын (16) қосымша тұтқа (4) көмегімен бекітіңіз.