Іске қосу

Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.

Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.

Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.

Басылған сөндіргішті (2) бекіту үшін сөндіргішті (2) одан әрі алға жылжытыңыз.

Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті (2) жіберіңіз немесе бекітілсе, сөндіргішті (2) қысқа уақыт бойы басыңыз және жіберіңіз.

Бекітілмейтін сөндіргіш (елге байланысты):

Электр құралды қосу үшін сөндіргішті (2) алға жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2) жіберіңіз.

  • Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.

Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты (2) өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

(GWS 20-230 J / 22-180 J / 22-230 J)

Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Нұсқау: электр құралы қосудан кейін бірден толық айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын шектеудің және қайтадан қосылудан қорғаудың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.