Құрғақ сору

Жиналған шаңды сору

  • Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг диаметріне сай реттеңіз.
  • Шаңсорғышты іске қосу үшін, жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Cору" белгісіне жылжытыңыз.

  • Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.

Шаңсорғыш ауа ағынын бақылау құралымен жабдықталған. Ауа ағынын бақылау құралы "Сору" жұмыс режимінде 20 м/с шамасына реттелген, бұл ауа ағынын реттегіштің (6) күйіне байланысты болмайды.
Егер бұл мән төмендесе, мысалы, сорғыш шлангідегі сорылған, толған шаң қабы немесе қосылған жалпақ қатпарлы сүзгі себебінен, дыбыстық сигнал беріледі. Бұл жағдайда шаңсорғышты өшіріп, "Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеріңіз.

Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (G суретін қараңыз)

Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (5) кіріктірілген. Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады. Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар аударыңыз.

Сору орнында жеткілікті шаңның тасымалдануын қамтамасыз ету үшін ауа ағыны қосылған электр құралы үшін минималды ауа ағынынан кем болмауы керек.

Шланг диаметрі

Ауа ағынының реттелген мәні

35 мм

57,9 м3/сағ

22 мм

41,2 м3/сағ

15 мм

12,7 м3/сағ

  • Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг диаметріне сай реттеңіз.
  • Сору адаптерін (25) орнатыңыз.
  • Сору адаптерін (25) электр құралының сору келте құбырына салыңыз.

Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара, ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (25) қосымша ауа саңылауы (26) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз жұмыс істеуі мүмкін.
Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (26) арқылы саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.

  • Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату автоматикасын қолданысқа енгізу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Іске қосу/тоқтату‌ автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.
    Осы жұмыс режимінде ауа ағыны реттегіштегі (6) параметрге сәйкес электрондық түрде бақыланады. Дұрыс таңдалған реттеуде жеткілікті шаң тасымалы қамтамасыз етіледі.

  • Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (5) жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш автоматты түрде іске қосылады.
  • Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз.
    Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіде қалған шаңды сорып шығару үшін 15 секундқа дейін қосымша жұмыс істейді.
  • Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.

Егер дыбыстық сигнал берілсе, шаңсорғышты "Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеру керек.