Көлденең еңіс бұрышын реттеу

Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет болады.

Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді.

45° шамасынан артық көлденең еңіс бұрышын реттеу бойынша нұсқау:
Еңіс бұрышын реттеуден бұрын аралау үстелінің ұзартқышын (27) және жылжымалы тіреуіш планканы (2) толықтай сыртқа тартыңыз.

Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (25) бар:

солда

оңда

45°; 31,6°; 22,5°; 15°

15°; 22,5°; 31,6°; 45°; 60°

  • Бекіту басы (21) тартылған болса оны босатыңыз.
  • Тұтқышты (22) тартып аралау үстелін (18) керекті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
  • Тұтқышты жіберіңіз. Тұтқыш сезімді ретте ойыққа кіруі керек.
  • Бекіту басын (21) қайта тартыңыз.

Көлденең қисайту бұрышын 52° (сол жақтық) мен 60° (оң жақтық) аралығында реттеу мүмкін.

  • Бекіту басы (21) тартылған болса оны босатыңыз.
  • (22) тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын (20) оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай аралау үстелі бос жылжытылады.
  • Аралау үстелін (18) бекіту басында солға немесе оңға бұрыш көрсеткіші (24) керекті еңіс бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
  • Бекіту басын (21) қайта тартыңыз.
  • Тұтқышты (22) қайта босату үшін (горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу үшін), тұтқышты жоғарыға тартыңыз.
    Бұғаттау қысқышы (20) бастапқы күйіне оралып тұтқыш (22) ойықтарына (25) қайта түсуі мүмкін.