Пайдалану нұсқаулары

Нұсқау: Пайдаланбағанда желі айырын розеткадан шығарыңыз. Электр құралында желі айыры қосулы болып желіде кернеу барысында өшірулі болғанда да аздап тоқ тұтынады.

  • Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.

30° - 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және арналар пайда болмайды.

Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберімен (құрал) бірге дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлау шеңберлері әдеттегі ажарлау шеңберлерімен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шу шығарады және ажарлау температурасы азырақ болады.

  • Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз .

Ажарлау шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.

Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін тоқтатпаңыз.

Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды. Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.

  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
  • Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
  • Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады.

Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.

Бағыттауыштар бар қорғағыш қаптаманы пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.

Электр құралды өшіріңіз және бағыттауыштардың алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр құралды біркелкі, материалға сәйкес берумен жылжытыңыз.

Құрамында қиыршық тас өте көп аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.

Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы салқындатыңыз.

Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.

Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.