Іске қосу

Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты алға жылжытып, содан кейін басыңыз.

Басылған ажыратқышты бекіту үшін ажыратқышты одан ары алға жылжытыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.

Бұғатталмайтын ажыратқыш нұсқасы (елге байланысты):

Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты алға жылжытып, содан кейін басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты жіберіңіз.

  • Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.

Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, кесетін жерде сыналану кезінде, қозғалтқышқа қуат беру электрондық жүйе арқылы тоқтатылады.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Қайта іске қосылудан қорғаныс, қуат берілуі үзілгеннен кейін, электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол бермейді.

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты  өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Нұсқау: егер электр құралы, қуат берілуі үзілгеннен кейін, бірден қайта іске қосылса, бұл қайта іске қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі айналу жиілігін шектейді және электр құралының бірқалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді.

Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін толық айналу жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден қызмет көрсету орталығына жіберу қажет, мекенжайларды "Қызмет көрсету орталығы және пайдалану бойынша кеңес" бөлімінен қараңыз.

Электр құралының электрондық тежегіш жүйесі бар. Қуат берілуін өшірген кезде, ажарлағыш құрал бірнеше секунд ішінде тоқтап қалады. Бұл электрондық тежегіш жүйесінсіз бұрыштық ажарлағыштарға қатысты соңғы айналу уақытының қысқаруын білдіреді және электр құралын ертерек сақтау орнына қоюға мүмкіндік береді.

Нұсқау: тежегіш әсері сезімді түрде төмендесе, бұл электрондық тежегіш жүйесінің істен шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Төмендеге кестеде электр құралындағы жарық диодының күй индикаторлары  сипатталған.

Күй индикаторы (жарық диоды) 

Мағынасы/себебі

Шешімі

Жасыл

OK күйі

Қызыл түспен жыпылықтайды

Электр құралы қызып кетті және өшеді.

Электр құралын суытыңыз.Күй индикаторы (жарық диоды) жасыл түспен жанып тұрса, электр құралын қайта қосуға болады.

Қызыл түспен жанып тұр

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі немесе қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды, электр құралы өшеді.

Электр құралын өшіріп қайта қосыңыз.