Пайдалануға ендіру

  • Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Электр құралын қосу үшін оң немесе сол жақ ажыратқышты (21) тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз.

Нұсқау: қосқан кезде кенет қосылудың алдын алу үшін ажыратқышты (21) өшіргенге қарағанда сәл ұзақ алға қарай итеру қажет.

Электр құралын өшіру үшін оң немесе сол жақ ажыратқышты (21) қайтадан тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз.

Электр құралын қосу үшін алдымен  белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (25) басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (21) басып тұрыңыз.

Қосқышты/өшіргішті (21) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (21) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.

Максималды жүріс саны пайдаланушы интерфейсінде реттелетін жүріс санының деңгейіне байланысты.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (21) жіберіңіз. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (25) іске қосу үшін  белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты басыңыз.

Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап түскен электр құралын өшіреді.

Егер соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылса, күй индикаторы (5) қызыл түспен жыпылықтайды. Өшіру себебі туралы ақпаратты Bosch Toolbox қолданбасынан қараңыз.

Элект құралын қайта қосу:

  • GST 18V‑155 SC: оң немесе сол жақ ажыратқышты (21) екі рет тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз.
  • GST 18V‑155 BC: ажыратқышты (21) басып тұрыңыз.

Соғылу кезіндегі өшіру жүйесін Bosch Toolbox қолданбасы арқылы ажыратуға болады.