Ақаулықтарды жою

Мәселе

Шешімі

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (14) тексеріңіз.
  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Қосулы" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (5) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

  • Контейнерді (9) босатыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткеннен кейін қайта қосыңыз.
  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (14) және датчиктердің (14) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Сору саптамасын, сору құбырын , сорғыш шлангіні (8) немесе қатпарлы сүзгіні (12) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Шаң жинағыш қапты (11) алмастырыңыз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (3) дұрыс орнатып, құлыптарын (10) жабыңыз.
  • Қатпарлы сүзгіні (12) ауыстырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

  • Қатпарлы сүзгінің (12) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Қатпарлы сүзгіні (12) ауыстырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр.

  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (14) және датчиктердің (14) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.