Құрамдас бөліктерді монтаждау

Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері бекітіледі: жылжыту таяғы (12), шеңберлік кілт (9), алты қырлы дөңбек кілт (10), параллель тірек (5), бұрыштық тірек (2), сору адаптері (31), қосымша параллель тірек (43) бекіткіш жинағымен (44), қорғаныш қаптама (3).

Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.

  • Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (36) жоғары қарап тұрғанша сағат тілінің бағытымен бұрап босатыңыз.
  • Сынаны (4) қыспа иінтірек (36) бағытымен жоғары қарай тартылғанша жылжытыңыз.
  • Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай тартыңыз.
  • Екі штифтті (37) сынаның астыңғы саңылауларына тіркеп, қыспа иінтіректі (36) қайтадан бекітіңіз.
    Қысқыштағы және қыспа иінтіректегі (36) таңбаламалар (35) көрсетілгендей туралануы тиіс.

  • Үстел ендірмесін (25) аспап саңылауындағы сына (4) үстіне қойыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (38) шеңберлік кілттің (9) ұштығымен "Құлыпты ашу" айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз.

Үстел ендірмесінің (25) алдыңғы жағы аралау үстеліне нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек.

Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде орналасқанда ғана монтаждаңыз (b2 суретін қараңыз). Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде немесе ойықтарды аралауға арналған күйде) болғанда, қорғаныш қаптаманы монтаждамаңыз (b1 суретін қараңыз).

  • Қыспа иінтіректі (39) босатып, қорғаныш қаптаманы (3) ұстағыштан (11) шығарып алыңыз.
  • Бір қолмен қорғаныш қаптаманың (3) ара дискісінің қорғанысын (жоғарғы металл шинасын) ұстап, басқа қолмен қыспа иінтіректі (39) жоғары қарай тартыңыз.
  • Бағыттауыш болтты (40) артқа қарай сынадағы (4) ойыққа жылжытыңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) ара дискісінің қорғанысы (жоғарғы металл шинасы) аралау үстеліне (23) параллель болғанша төмен қарай бағыттаңыз.
  • Қыспа иінтіректі (39) төмен қарай итеріңіз. Қыспа иінтіректің тіркелуі сезіліп естілуі тиіс және қорғаныш қаптама (3) берік және сенімді түрде орнатылуы тиіс.
  • Әр пайдалану алдында қорғаныш қаптаманың кедергісіз жылжығанын тексеріңіз. Қорғаныш қаптама еркін қозғалмаса және бірден жабылмаса, электр құралын пайдаланбаңыз.

Параллель тіректі (5) ара дискісінің сол немесе оң жағында орналастыруға болады.

  • Параллель тіректің (5) қысқыш тұтқасын (41) босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (42) босатылады.
  • Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (32) енгізіңіз. Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің алдыңғы бағыттауыш ойығына (27) орналастырыңыз.
    Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға болады.
  • Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (41) төмен қарай итеріңіз.

Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі (43) параллель тірекке (5) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда параллель тіректің (5) сол немес оң жағына орнатуға болады.

Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағын (44) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2 қатпарлы гайка) пайдаланыңыз.

  • Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (5) бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз.
  • Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет етеді.
  • Қосымша параллель тіректі (43) бекіткіш бұрандалар бастиектерінің үстінен жылжытыңыз.
  • Салмалы шайбаларды бекіткіш бұрандаларға қойып, бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен тартып қойыңыз.

  • Бұрыштық тіректің (2) шинасын (45) аралау үстелінің арнайы бағыттауыш ойықтарына (30) өткізіңіз.