Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.

Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығарып алу үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (46) ашуға болады.

  • Электр құралын өшіріп, аккумуляторды электр құралынан шығарыңыз.
  • Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
  • Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
  • Едендік торды (33) ашыңыз (a суретін қараңыз).
  • Астыңғы ара дискісі қаптамасының ысырмаларын (47) бір-бірінен сәл ары тартып, астыңғы ара дискісінің қаптамасын (46) қайырыңыз.
  • Дайындаманың сынықтары мен жоңқаны шығарып алыңыз.
  • Астыңғы ара дискісінің қаптамасын (46) ысырмалар (47) тірелгенше қайтадан жауып қойыңыз.
  • Едендік торды (33) жауып қойыңыз.
  • Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.

  • Жарамды шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (31) салыңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.