Ара дискісін алмастыру (l1l4 суреттерін қараңыз)

  • Қыспа иінтіректі (39) ашып, қорғаныш қаптаманы (3) сынадағы (4) ойықтан шығарыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (38) шеңберлік кілттің (9) ұштығымен "Құлыпты жабу" айналу бағытымен тірелгенше бұрап, үстел ендірмесін (25) аспап саңылауынан көтеріп шығарыңыз. Жеңіл көтеру үшін ұстағыш саңылау (48) пайдаланылады.
  • Қос иінді (15) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (26) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
  • Қысқыш гайканы (49) шеңберлік кілтпен (9) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (50) тірелгенше тартыңыз.
  • Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш фланецті (51) алып тастаңыз.
  • Ара дискісін (26) алып тастаңыз.

  • Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
  • Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің (53) қысқыш фланеціне (52) орнатыңыз.

Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.

  • Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
  • Қысқыш фланецті (51) және қысқыш гайканы (49) орнатыңыз.
  • Қысқыш гайканы (49) шеңберлік кілтпен (9) бұрап, бір уақытта шпиндельді бұғаттау иінтірегін (50) тірелгенше тартыңыз.
  • Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап тартыңыз.
  • Үстел ендірмесін (25) құрал саңылауындағы сына (4) үстіне қойыңыз. Бұғаттау бұрандасын (38) шеңберлік кілттің (9) ұштығымен "Құлыпты ашу" айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (3) қайтадан монтаждаңыз.