Жұмыс істеуге дайындық

Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.

  • Екі алты қырлы дөңбек бұранданы (41) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (5) босатыңыз.
  • Аралау үстелінің ұзартқышын (29) тірелгенше сыртқа тартып, алты қырлы дөңбек бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.

Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.

  • Дайындаманы тіреуіш планкаға (30) басыңыз.
  • Жеткізілім жиынтығындағы бұрандалы қысқышты (21) арнайы саңылауларға (28) енгізіңіз.
  • Қатпарлы бұранданы (43) босатып, бұрандалы қысқышты дайындамаға сәйкестендіріңіз. Қатпарлы бұранданы қайтадан мықтап бекітіңіз.
  • Дайындаманы бұрандалы өзекті (42) бұрап қысыңыз.

Тік еңіс бұрышында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш планканы (31) жылжыту керек.

  • Бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
  • Жылжымалы тіреуіш планканы (31) толықтай сыртқа қарай тартыңыз.
  • Бұғаттау бұрандасын (44) қайтадан мықтап тартыңыз.

Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін жылжымалы тіреуіш планканы (31) кері жылжытыңыз (бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз; тіреуіш планканы (31) толығымен ішке жылжытыңыз; бұғаттау бұрандасын қайтадан тартып қойыңыз).