Ара дискісін алмастыру (m1m4 суреттерін қараңыз)

  • Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі (33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
  • Қыспа иінтіректі (49) ашып, қорғаныш қаптаманы (6) сынадағы (7) ойықтан шығарыңыз.
  • Үстел ендірмесін (32) бұрауыштың көмегімен алға көтеріп, оны аспап саңылауынан шығарып алыңыз.
  • Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз.
  • Шпиндельді бекіту иінтірегін тартып тұрып, қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш фланецті (61) алып тастаңыз.
  • Ара дискісін (33) алып тастаңыз.

Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас бұрын тазалаңыз.

  • Жаңа ара дискісін аспап шпинделінің (63) қысқыш фланеціне (62) орнатыңыз.

Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.

  • Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) сынаның көрсеткі бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
  • Қысқыш фланецті (61) және қысқыш гайканы (59) орнатыңыз.
  • Қысқыш гайканы (59) шеңберлік кілтпен (15) бұрап, бір уақытта шпиндельді бекіту иінтірегін (60) тірелгенше тартыңыз.
  • Қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен мықтап тартыңыз.
  • Үстел ендірмесін (32) қайтадан орнатыңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (6) қайтадан монтаждаңыз.