Құралды алмастыру

Шаңнан қорғайтын қақпақ жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың зақымдалмағанын тексеріңіз.

Алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.

Қондырманы бекіткішке (1) салыңыз. Реттегіш сақинаны (9) шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.

SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай алмастыру мүмкін.

  • Алмалы-салмалы аспапты бекіткіш төлкенің бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.
  • Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп шығыңыз.

Бекіткіш төлкені артқа қарай жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.

Қосымша тұтқаны (11) кез келген бағытпен қайырып, қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.

  • Қосымша тұтқаның (11) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (11) қалаулы күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (11) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз.

Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы ойықта болғанына көз жеткізіңіз.

Тереңдік шектегішімен қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Тереңдік шектегішін реттеу түймесін басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (11) енгізіңіз.

Тереңдік шектегішіндегі бұдырлану жоғары немесе төмен қарап тұруы тиіс.

  • SDS plus алмалы-салмалы аспабын SDS plus құрал бекіткішіне  тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS plus құралының жылжу әрекеттері қате бұрғылау тереңдігінің орнатылуына әкелуі мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұштығымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X сәйкес келгенше тартыңыз.

Алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.

Қондырманы бағытымен босатып, бекіткіштен (1) тартып алыңыз.