Пайдалануға ендіру

Жұмыс шамы (9) желілік аша салынбаған кезде жанып, тікелей жұмыс аймағында көру мүмкіндігін жақсартады.

  • Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.

Электр құралын қосу үшін алдымен қосу блокадасын (6) басыңыз. Сосын қосқыш/өшіргішті (7) басып ұстап тұрыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (7) жіберіңіз.

Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (7) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны асады.

Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету ұсынылады.

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.