Ара полотносын салу/алмастыру

Ұсынылатын ара төсемдеріне шолу осы пайдалану нұсқаулығының соңында берілген. Тек қана 1/2 дюймдік әмбебап білігі бар ара төсемдерін орнатыңыз. Ара төсемі қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

SDS иінтірегін (4) алға қарай басып, ара төсемін (1) қыспа пластинаның (11) артына (3) ара төсемінің патронына бағыттаңыз. SDS иінтірегін (4) жіберіңіз.

  • Ара төсемін тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Босап қалған ара төсемі құлап, сізге жарақат тигізуі мүмкін.

Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1), сондай-ақ 180°-қа бұрап (тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға болады.

  • Ара төсемін шығарудан бұрын суытыңыз. Ара төсеміне тиюден жарақат алу қаупі бар.

SDS иінтірегін (4) алға қарай басып, ара төсемін (1) тартып шығарыңыз. SDS иінтірегін (4) жіберіңіз.