Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру
- Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан қорғаңыз.
- Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.
1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (8) бұрғылау шпинделіне (7) бұрап қойыңыз.
- Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі мүмкін.
- Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі мүмкін.
Бұрғылау коронкасын (8) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін тіреп тұрыңыз.