Қолданысқа енгізу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
- Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен, сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз. Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат алып ажыратыңыз.
- Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD) (16) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін тексеріп шығыңыз:
- Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау индикаторы сөнеді.
- RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
- Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD) ақаулы болса, электр құралын пайдалануға болмайды.